Жеті адам қауіпсіз жерге көшірілді
24 маусымда Шымкент қаласында А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Бесқабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтердің балконында өрт шықты. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің 16 қызметкері, 5 техникасы барды. Олар пәтердің балконында 3 шаршы метрде ескі үй заттары жанып жатқанын байқады. Бірнеше минут ішінде подъездің кіреберісi қою түтінге оранып, тұрғындардың сыртқа шығуына кедергі келтірді», - деп жазылған хабарламада.
Өрт сөндіруші құтқарушылар 3 адамды құтқарып, 7 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Медицина апаттар орталығының бригадасы қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.