Есірткінің салмағы 20 келіден асқан
Қарағанды облысында полиция қызметкерлері ірі есірткі тасымалдау арнасын әшкерелеп, 75 жастағы зейнеткерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алдын ала деректерге сәйкес, күдікті тыйым салынған заттарды тасымалдауы мүмкін деген ақпарат түскен. Теміржол вокзалында тексеріс барысында оның қол жүгінен өсімдік тектес есірткілер – марихуана мен гашиш тәркіленді. Салмағы шамамен 20 келі болған», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Бұдан бөлек, вокзал маңындағы күдіктінің автокөлігінен орауыш таспамен қапталған екі брикет табылды. Сараптама қорытындысы олардың да марихуана екенін растады.
Қария қазір тергеліп жатыр.