Қарағандыда 61 жастағы тұрғынның 4500 АҚШ долларын алдап алған алаяқ ұсталды
Күдіктінің бұған дейін де алаяқтық жасағаны және сотталғаны белгілі болды
Қарағандыда 61 жастағы тұрғынның 4500 АҚШ долларын алдап алған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
23 маусымы күні Теміртау қаласының 61 жастағы тұрғыны Қарағанды қаласының Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне жүгінген. Әйел адам өткен жылдың шілдесінде оған заңгерлік көмек көрсететінін айтып, 4500 АҚШ долларын иемденіп кеткен алаяқ туралы хабарлаған.
Келтірілген залал шығыны екі миллион теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы ер адам ұсталды. Оның бұрын алаяқтық жасағаны және жалған құжаттарды жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.