Іссапардан келе жатқан өрт сөндірушілер Қостанайда қарға батқан жүргізушілерге көмектесті (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Бүгін өңірде ауа райы құбылмалы болып тұр

Фото: скриншот

Қостанай облысының өрт сөндірушілері іссапардан келе жатып, қала түбінде қарға батып қалған көлікті құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ-ның мәліметінше, көлік Қостанай қаласынан 12 шақырым жерде жол жиегіне шығып кетіп, қардан шыға алмай қалған.

«Қар аралас жаңбыр жауып, жол тайғақ болғандықтан, көлік жолдың шетіне шығып кеткен. Арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген ТЖД қызметкерлері жедел түрде көмек көрсетті», – деп хабарлады ТЖМ.

Ведомство автокөлік иелеріне ауа райының құбылмалы жағдайында аса мұқият болуды ескертеді.