Сот оның жазасын жеңілдетіп, 11 мың теңге айыппұл салған
Қарағанды қаласының Әкімшілік құқық бұзу фактілері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көлік жүргізушісіне қаты ты әкімшілік істі қарап, оның жазасын жеңілдетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды соттарының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Volkswagen маркалы автокөлікті жүргізіп келе жатқан әйел Тәттімбет көшесінде жол ережесін бұзып, қарсы жолаққа шығып кеткен.
«Сотта жауап берген әйел сол сәтте рульде келе жатқанда әпкесі телефон соққанын және әкелерінің көз жұмғанын хабарлаған. Сол сәтте абдырап қалған ол жол таңбасын сәл басып кеткенін, алайда тез есін жиып, дұрыс жолға түскенін айтты. Ол сотқа әкесінің қайтыс болғаны туралы мемлекеттік тіркеу қағазын ұсынып, бейнекамера арқылы әкесі дәл сол сәтте қайтыс болғанын дәлелдеген», - деп хабарлайды Қарағанды соттары.
Осы сәттерді ескерген сот оның жазасын жеңілдетіп, әйелге 3 айлық есептік көрсеткіш., яғни, 11 796 теңге мөлшерінде айыппұл салған.