Автобус пен жеңіл көлік соқтығысып қалды
Павлодарда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, төрт бала мен үш ересек жарақат алды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 19 қыркүйек күні сағат 16:38-де академик Сәтбаев пен Торайғыров көшелерінің қиылысында болған.
Маршруттық автобус пен Lada Granta көлігі соқтығысып, жолаушылар зардап шекті.
«Полиция тексеріс жүргізіп жатыр. Жол апатының барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады өңірлік ДП.
Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, барлығы 7 адам ауруханаға жеткізілді, олардың ішінде:
Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.
Қазақстанда жол апаттары қоғамдық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерінің бірі саналады. ІІМ дерегіне сәйкес, 2024 жылы елде 12 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 16 мыңнан астам адам жарақат алған. Сарапшылардың пікірінше, басты себептердің қатарында жылдамдықты асыру; қарсы жолаққа шығу; жүргізушілердің ережені сақтамауы; көліктердің техникалық ақаулары бар.