Қызылордада тісін жұлдырған ер адам бірнеше сағаттан кейін ауруханадан бір-ақ шыққан

Автор: Бақыт Шынар

Анықталғандай, оның тісін білікті тіс дәрігері емес, ассистенті жұлыпты

Фото: istockphoto.com

Қызылордада тісін жұлдырған ер адам бірнеше сағаттан кейін ауыр хәлде ауруханаға түскен. Анықталғандай, оның тісін тіс дәрігері емес, тіс дәрігерінің ассистенті жұлған екен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауруханадан жазылып шыққан соң ер адам менің оның анасы тіс емханасын сотқа беріп, жеңіп шыққан.

«Ер адам тісі ауырған соң тіс емханасына барып, емдеуін сұраған. Тіс дәрігері тістің емдеуге жарамайтынын айтып, оны жұлған. Алайда, арада 2-3 сағат өткен соң жұлған тістің орны мазасын алып, қызуы көтеріліп, жедел-жәрдем оны шұғыл түрде қалалық ауруханаға алып кеткен», - деп хабарлайды Қызылорда соттары.

Тексеру қорытындысына сәйкес, тіс емханасының дантисті денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтамағаны, «Стоматологтың ассистенті» біліктілігі бойынша орта медициналық білімі бар медицина қызметкердің қызмет көрсеткені анықталған.

«Сот талап қоюшының пайдасына 25 000 теңге материалдық шығын және 500 000 теңге моральдық зиян өндіру туралы шешім шығарды», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.