Оқиға Железин ауданында болған
Павлодар облысы Железин аудандық соты 19 жастағы азаматшаға қатысты істі қарап, оған 55 мың теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соттың материалына сенсек, биыл тамыз айында 19 жастағы азаматша терапевт дәрігердің кабинетінде отырғанда дәрігерге боқауыз сөз айтып, шу көтерген.
«Бұл әрекетімен ол қоғамдық тәртіпті бұзған. Сот отырысында азаматша өз кінәсін мойындап, кешірім сұрап, өкінетінін айтты. Сот оны кінәлі деп тауып, оған 55 048 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салды», - деп хабарлайды Павлодар соттары.