«ҚазАвтоЖол» трассадағы жол апаттарының алдын алғысы келеді
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қарағанды облысындағы «Астана – Теміртау» республикалық маңызы бар жолдың 1402 шақырымына (Ошағанды ауылының маңы) инновациялық жүйе - лазерлік ескерту жүйесін сынақ режимінде іске қосты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Компания қызметкерлері түнгі уақыттағы жарықты видеоға түсіріп, халыққа бұның не екенін түсіндірген.
«Аталған жүйе түнгі уақытта қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Арнайы сәуле тікелей жолға түсіп, қауіпті жағдайларда дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік бермек. Бұл тәсіл жүргізушілердің шаршауын ұмыттырып, зейінін арттырады және жолдың бойындағы кедергілерді жақсы көрсетеді. Бұл - жол-көлік оқиғаларына әкелетін негізгі себептер», - деп жазған компанияның баспасөз қызметі.
Дереккөзге сенсек, шетелдік тәжірибе мұндай технология енген учаскелерде апат көрсеткіші 40-50 пайызға төмендегенін көрсеткен екен. Ошаған ауылының маңындағы бұл қондырғы Қазақстан алғашқы құрылғы.