Петропавлдағы үйлерді жылумен қамтуға арналған 8 млн теңгені жымқырғандар сотталды

Автор: Бақыт Шынар

Компания директоры 3 жылға, бас инженер 2 жылға сотталды

Фото: istockphoto.com

Петропавл қалалық соты «Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС директоры мен бас инженерін ірі мөлшерде ақша жымқырғаны үшін соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу деректері бойынша, олар тұрғын үйлердің сумен жабдықтау және жылыту жүйелерін, сондай-ақ сорғы станциясын жөндеуге бөлінген 8 млн теңгеден астам қаражатты именденіп алған.

Сот шешімімен:

  • Директор 3 жылға,
  • бас инженер 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім 2025 жылғы 26 тамызда заңды күшіне енді.