Бұған дейін ер адам бірнеше рет әкімшілік жаза алған екен
Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық соты тападай тал түсте мектептің жанына барып ішімдік ішкен ер адамның ісін қарады. Осы іс аясында сот жаңа өзгерістерге сай алғашқы адамды қоғамдық жұмысқа тартқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 1966 жылы туған күдікті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы, 3-бөлігін бұзған.
«Сот отырысында анықталғандай, ер адам 2025 жылы 9 қыркүйек күні шамамен сағат 12:30-да мектеп маңындағы қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкен. Сотта күдікті кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан.
Кінәсін мойындағандықтан, жазасы жеңілдеп, сот оны 20 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа жекті.