Жасөспірім 2012 жылы туған
Шымкент қаласында жасөспірім атпен серуендеп жүріп, тереңдігі бес метр болатын шұңқырға құлап кетті. Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетіп, баланы және жануарды аман алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай Абай ауданына қарасты «Алтынтобе» тұрғын алабында болған.
Құтқарушылар арнайы альпинистік құралдарды қолданып, баланы жоғары көтеріп алды.
Ат жергілікті әкімдік қызметкерлерінің көмегімен автокран арқылы шығарылды. Жануар иесіне аман-есен тапсырылды.
Құтқарылған бала дереу дәрігерлерге тексеруге берілді. Қазіргі мәлімет бойынша, оның өміріне қауіп жоқ.
«Бірлескен жедел әрекеттердің арқасында жағдай сәтті аяқталды. Барлық қызмет үйлесімді жұмыс істеп, жасөспірім мен ат аман қалды», – делінген ТЖМ хабарламасында.