Сол ақылы ол мемлекетке 22 млн теңге зиян тигізген
Шымкент қаласының соты 29 жастағы әйелді 21 келіншектің босану және артынан баласы 1,5 жасқа толғанша алатын жәрдемақысын заңсыз жолмен көбейтіп бергені үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шымкенттің ауданаралық соты осы істі алаяқтық және қылмыстық жолмен алған ақшаны жылыстату баптары бойынша қарады. Тергеудің мәліметіне сүйенсек, 29 жастағы әйел 40 жеке кәсіпкердің электронды қолтаңбасын алып, 21 келіншекті оларға жұмысқа «тұрғызған».
«2024 жылдың сәуірі мен желтоқсаны аралағында сотталушы Жанат Дүйсенова 21 әйелді жеке кәсіпкерлікте жұмыс істейді деп тіркеп қойған. Алайда олар еш жерде жұмыс істемеген. Олардың атынан әлеуметтік төлем алып, мемлекетке 21 млн 809 мың теңге зиян тигізді», - деп хабарлайды Отырар телеарнасы.
Сотта күдікті келіншек кінәсін мойындап, ақшаның жартысын пәтердің бастапқы жарнасына жұмсағанын айтқан. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» сотта келіншекті кешірдік дегенмен, судья оны Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен кінәлі деп тауып, 3 жылға соттады.