Олимпиаданың қола жүлдегері Шымкентте ауыр жарақат алып, пышаққа түсті (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Дәрігерлер оның ахилл сіңіріне күрделі операция жасаған

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Карина Горичева Әлем чемпионатына дайындалып жүріп, Шымкентте ауыр жарақат алған: отадан аман-есен жазылып шыққан ол дәрігерлерге алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, спортшы 23 тамыз күні таңғы жаттығу кезінде жарақат алған. Дәрігерлер оны шұғыл түрде №1 қалалық клиникалық ауруханаға апарып, тексерген.

«Дәрігерлер спортшының сіңірі үзілгенін анықтады. Дәрігерлер оған ашық ота жасап, сіңірін жалғап берді», - деп хабарлайды басқарма.

Спортшының өзі дәрігерлерге алғыс айтып, қазір денсаулығы жақсы екенін айтқан.

Дәрігерлер Ахилл сіңірі – адам ағзасындағы ең ірі сіңір екенін, спортшылар арасында осы сіңір көп үзіліп кететінін еске салып отыр.