Ақтауда аттракционда балалар жарақат алды

Автор: Алмас Ерсін

Оқыс жағдай қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болған

Фото: istockphoto.com

Ақтауда аттракционда екі бала жарақат алды: оның бірі ауруханаға жатқызылды, екіншісі дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәліметінше оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 306-бабы «Ғимараттарды, құрылыстарды немесе көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болған. Бақылау аттракционның жұмыс аймағының бос екеніне көз жеткізбеген. Аттракцион іске қосылғанда сол маңда Газель көлігі тұрған, балалар соған соғылған.

Қала тұрғындары аттракцион келесі күні  штаттық режимде жұмысын жалғастырғанын айтты.