Алматыда самокат мінген екі бойжеткенді автобус қағып кетті (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Қазір 17 жастағы қыздар ауруханаға түскен 

Фото: скриншот

Алматыда электросамокат мініп, жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан екі бойжеткенді автобус қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, жол апаты 3 қыркүйек күні Алмалы ауданында күндіз болған.

«Foton маркалы автобустың жүргізушісі Мақатаев көшесімен келе жатып электросамокатқа мініп, жолдан өтіп бара жатқан екі қызды қағып кетті. 2008 жылы туған екі қыз ауруханада», - деп хабарлаған Алматының полиция департаменті.

Бүгін әлеуметтік желіді жол апатының видеосы таралды.