Өртті сөндіруге жел қиындық тудырып отыр
Қостанай облысында кеше басталған дала өрті әлі сөнбей жатыр. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін «Қазавиақұтқару» қызметінің тікұшағы тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қамысты және Наурызым аудандарында құрғақ шөп жанып жатыр. Ал, Ұрқаш және Дружба ауылдарының арасындағы жалын оқшауланды», - деп хабарлайды ТЖМ.
Өрт сөндіруге «Қазавиақұтқару» қызметінің МИ-8 тікұшағы тартылды, тікұшақ 16 рет су шашып, жалпы жалын аумағына 48 текше метр су құйған.