Тұрғындар пәтерден шыққан қатты түтін иісін сезіп, өрт сөндірушілерге хабарласқан
Қарағанды қаласында көпқабатты үйдің тұрғындары дер кезінде хабар бергеннің арқасында ана мен бала аман қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай түнде Қазыбек би ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Тұрғындар пәтерден шыққан қатты түтін иісін сезіп, өрт сөндірушілерге хабарласқан.
Оқиға орнына жеткен кезекші бөлім үйдің бірінші қабатындағы пәтерде плитаның үстінде қалған тамақтың тұтанып кеткенін анықтады.
Пәтерде ұйықтап қалған әйел мен оның 2022 жылы туған баласы болған.
Құтқарушылардың айтуынша, тағы бірнеше минут кешіккенде қайғылы жағдай орын алуы мүмкін еді.
Мамандар мұндай оқиғалардың жиі қайталанатынын айтып, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті: