Қостанай облысының экс-шенеунігі қамалды – бас дәрігер де күдікке ілінген

Автор: Бақыт Шынар

Денсаулық сақтау басқармасын басқарған Жандаевты сот қамауға алды

Фото: tobolinfo.kz

Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Данияр Жандаев сот шешімімен қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті басылымдарға сілтеме жасай отырып. 

Дереккөзге сүйенсек, ол мемлекеттік сатып алу кезіндегі заң бұзу фактілеріне қатысты тергеуге түскен. Органдар сондай-ақ Қарасу ауруханасының бас дәрігері Владимир Голубаевты да тергеп жатыр деген ақпарат бар.

Облыстың соттың баспасөз қызметі бұл істің мән-жайы жариялауға жатпайды деп мәлімет таратқан.

Дегенмен, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов депутаттармен кездескенде осы іске қатысты комментарий берген.

«Ол істің мән-жайын прокуратура мен құқық қорғау органдары анықтайды. Ал өз тарапымнан айтарым, оның қызметінде заң бұзу болғандықтан да Жандаев қызметінен босаған болатын. Сондықтан, сіздер, депутаттар да денсаулық сақтау саласына мониторинг жүргізсеңіздер, жақсы болар еді», - деген облыс әкімі.

Айта кетейік, Данияр Жандаев денсаулық сақтау басқармасынан 2022-2025 жылдар аралығында басқарған.