26.08.2025, 12:40
Оқиғалар
«Семейде 40 метр ағаш өспейді»: Абай облысының прокуратурасы 150 млн теңгені қалай үнемдеді
Прокуратура тендерді заңсыз деп тапты
Фото: freepik.comА
Абай облысының прокуратурасы құны 150 млн теңгелік тендердің күшін жойып, бюджет қаражатын үнемдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратураның ақпаратына сүйенсек, тендер жариялаған мекеме қураған ағаштарды кесіп, жаңа көшеттерге күтім жасау үшін тендер жариялаған. Оның құнын 150 млн теңге деп бекіткен.
Ең қызығы, прокуратура жазып отырғандай, конкурс талабына сай тендерге қатысатын компаниялар биіктігі 40 метрге жететін ағаштарды кесетін құралын ұсыну керек.
«Мұндай талап артық болып саналады, себебі Семей қаласында мұндай биік ағаштар өспейді және бұл Қазақстанның климатына жат дүние», - деп жазған прокуратура.
Прокуратура конкурстың күшін жойып, тендердің құжатын заңға сәйкестендірген.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 16:45
Павлодардағы моншалардың бірінде сыраға масайған әйел жас қызметкерді соққыға жықты
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады