Бір көлік екіншісінің капотына шығып кеткен.
Қарағанды облысының Пришахтинск кентінде үш көлік қатысқан ірі жол апаты тіркелді.Оқиға 24 тамыз күні таңертең Зелинский көшесінде болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, жол апатына Nissan, BMW және Volkswagen маркалы көліктер қатысқан. Соқтығысқаннан кейін бір көлік екіншісінің капотына шығып кеткен.
Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда жол апатының мән-жайы анықталуда. Сараптама нәтижелері бойынша кінәлі тарапқа қатысты процессуалдық шешім қабылданады.
Қарағанды облыстық полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертті.