Оны авиация бортымен жеткізген
Абай облысында болған ауыр жол апатында зардап шеккен жасөспірім қызды санитарлық авиация бортымен Семей қаласына жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Зардап шеккен үш баланың екеуі елордаға жеткізілді. Ал үшінші бала – жасөспірім қыз, жағдайының ауырлығына байланысты бастапқыда аудандық ауруханада қалдырылған еді.
23 тамызда санитарлық авиация бортымен ол Семейдегі Медициналық университет госпиталінің балалар бөліміне жеткізілді.
«Бастапқыда науқасты бірден Семейге көшіру мүмкін болмады. Дәрігерлердің тұрақты бақылауынан кейін жағдайы әуе көлігімен тасымалдауға жарамды деп танылып, арнайы шешім қабылданды», – деп мәлімдеді Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы.
Қазір қыз бала анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Оның жағдайы облыс әкімі Берік Уәлидің жеке бақылауында.
Қайғылы оқиға 19 тамыз 2025 жылы сағат 16:00 шамасында Абай облысы, Ұржар ауданының Бестерек ауылында тіркелді. Алдын ала деректерге сәйкес, 55 жастағы Toyota жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған алты баланы қағып кеткен.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама оның апат кезінде мас болмағанын анықтады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қорғаныс министрлігінің әскери әуе күштерімен елордадан арнайы мамандар жіберілген:
Сонымен қатар облыс әкімдігі қаза тапқан балалардың отбасыларына қаржылай және әлеуметтік көмек көрсетілетінін хабарлады.
Абай облысының Үржар ауданында болған қайғылы жол апатынан зардап шеккен екі бүлдіршін қазір Астанадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында жатыр. Жақында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ауруханаға арнайы барып, кішкентай пациенттердің хәл-жағдайын білді. Абай облысында көлік қағып, ауыр жараланған балаларды санавиацияның арнайы бортымен Астанаға жеткізді. Елордалық дәрігерлер науқастардың жағдайы туралы айтты. Абай облысы Үржар ауданынан жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі баланы Астанаға жеткізу үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) санитарлық авиация борты ұшып шықты.