Автобустар жаңбыр салдарынан лайға айналған жолда жүре алмай қалған
Ақмола облысы Бурабай ауданында Астанадан шыққан екі автобус батпаққа батып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Автобустар жаңбыр салдарынан лайға айналған жолда жүре алмай қалған», - дейді құтқарушылар.
Автобустарда 99 адам болған.
Оқиға туралы хабар алған құтқарушылар бірден көмекке аттанды.
«Көлік құралдарын жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығару кезінде туристер қол шамалақтап қошаметтеп тұрды. Зардап шеккендер жоқ», - елінген хабарламада.