Ешкім зардап шеккен жоқ
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында үш автокөлік қатысқан жол апаты болды. Қуанышқа орай, адам шығыны жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 22 тамыз күні сағат 10:37-де қаладағы бір қиылыста тіркелген.
Полиция департаменті бұл апаттан ешкімнің зардап шекпегенін растады. Қазір жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.
«Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, қозғалысты уақытша реттеді. Қазіргі таңда апатқа байланысты қажетті сараптамалар жүргізілуде», – деді ведомство өкілдері.