Ерлі-зайыпты сөзге келіп қалған
Алматыда ер адам әйелін пышақтап өлтіріп, артынша өзі суицид жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде «Думан» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен пышақ жарақатын алған 1987 жылғы әйелдің мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады.
Алматы қаласы полиция департаментінің ақпаратынша, адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Алдын ала анықталғандай, қылмысқа отбасылық жанжал себеп болған: ер адам зайыбын пышақтаған. Артынша өзіне қол жұмсап қаза болды», - делінген хабарламада.
Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.