Полиция көшедегі камералардың арқасында күдіктілерді тез тауып алған
Алматыдағы ерлі-зайыптының үйіне басып кірген екі қарақшы үй иесін ұрып-соғып, тонап кеткен: олардың біраз ақшасы мен алтынын қолды қылған қарақшылар алысқа қаша алмаған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Алматының полиция департаменті хабарлағандай, екі жігіт ер мен әйелді қорқытқан, күш қолданған. Үй иесін қатты жаралап кеткен, қазір ол ауруханада жатыр.
«Полиция қызметкерлері күдіктілердің ізін суытпай анықтап, қолға түсірді. Екеуі де бұрын сотталған болып шықты. Олардан қылмысын дәлелдейтін заттай айғақтар тәркіленді. Қазір екеуі де қамауда», - деп хабарлайды Алматының полиция департаменті.