Ақтөбеде жарымжан қызды емші ағасы зорлап келген

Автор: Azattyq Rýhy

Сот үкімі шықты

Фото: ашық дерек көздерінен

Ақтөбеде екінші топтағы мүгедек қарындасын зорлаған азамат 6 жыл 8 айға сотталды, деп хабарлайды Аzattyq ruhy.

Сондай-ақ ол жәбірленуші тарапқа 2 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді. Судья үкім шығарарда сотталушының кәмелеттік жасқа толмаған баласы барын ескеріпті.

Айта кетейік, 54 жастағы ақтөбелік туыстарының жарымжан қызына емдік массаж жасаймын деп қарайласуға келіскен. Қыз бала ДЦП ауруынан бөлек, естімейді және сөйлей алмайды. Бірақ немере ағасының қорлығын анасына ымдап жүріп түсіндірген. Кейін тергеушілер науқастарға дем салып, халық емімен айналысатын азаматтың туыс қарындасын екі жыл бойы зорлап келгенін анықтады.