Астанада 2011 жылдан бері әлі салынып бітпей жатқан LRT-ның рельстері төселіп бітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, №101 және №118 станциялардың арасындағы қашықтық 22,4 шақырым болған. Осы аралықтағы рельстер толық төселіп, қазір жұмысшылар оны дәнекерлеп жатқан көрінеді. Дәнекерленіп біткеннен кейін рельстер толық қатаяды.
Айта кетейік, Астанадағы LRT-ның құрылысы 2011 жылы басталған болатын. Құрылыстың негізгі хронологиясы мынандай:
- 2011 жыл: LRT-ның құрылысы басталды
- 2017 жыл: LRT желілерінің бетон тіректері пайда болды, бірақ құрылыс қарқыны бәсеңдеді
- 2018 жыл: қаржыландыру мәселелеріне байланысты жоба тоқтады
- 2020 жыл: жоба аясындағы қаржы жымқыру деректеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- 2022 жыл: президент бұл жобаны қателік әрі жемқорлыққа жол ашқан жоба деп атады
- 2023 жыл: Астана әкімі құрылыстың бірінші кезегін 2024 жылдың соңына дейін аяқтауға уәде берді
- 2024 жыл: LRT-тің алғашқы желісін іске қосу жоспарланды
- 2024 жылғы қазан: премьер-министр құрылыс нысанын аралап, жұмыстың барысын тексерді
- 2024 жылғы қараша: LRT депосының құрылысы басталды
- 2024 жылғы қазан: билік LRT-ті 2024 жылдың соңына дейін іске қосуды уәде етті
- 2025 жылғы ақпан: алдымен 8 станцияның құрылысын аяқтау жоспарланды
- 2025 жылғы жаз: рельстерді төсеу және сигнал беру жүйесін орнату басталады.
Бұған дейін Астана әкімдігі 2025 жылдың күзінде елордаға алғашқы пойыздар жететінін хабарлап, жыл соңында немесе 2026 жылдың басында жоба бірінші техникалық жағынан ашылатынын, кейін толық жүре бастайтынын хабарлаған еді.