Жол апатынан тағы бірнеше адам жарақат алды
Ақмола облысында Астана – Петропавл тас жолында ірі жол апаты орын алып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға тас жолдың 284-шақырымында болған. Полиция дерегінше, Mercedes-Benz көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.
Жол апатынан тағы бірнеше адам жарақат алды:
Барлығы ауруханаға жеткізілді.
Ақмола облыстық Полиция департаменті қазір оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
«Тексеру қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Мамандар мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін жүргізушілерге ескерту жасады: