Жедел медициналық авиация іске қосылды
Маңғыстау облысында аттан құлап, ауыр жарақат алған жасөспірімге жедел көмек көрсетілді. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» тікұшағы жасөспірімді облыстық балалар ауруханасына жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 2014 жылы туған баланың ат үстінен құлап, көптеген жарақат алуымен байланысты болған.
Ведомствоның мәліметінше, тікұшақ Ақтау – Жаңаөзен – Ақтау бағыты бойынша ұшып шыққан.
Пациенттің жағдайын ескере отырып, дәрігерлер мен ұшқыштар тікелей Облыстық балалар ауруханасының автотұрақ алаңына қонуға шешім қабылдаған. Бұл – баланы уақыт жоғалтпай дәрігерлерге жеткізу үшін жасалған шара.
Мамандардың айтуынша, экипаждың үйлесімді жұмысы мен медициналық қызметкерлердің шұғыл шешімдерінің арқасында бала дер кезінде дәрігерлерге тапсырылды.