Ол осылайша әскердегі сарбаздардың қандай сападағы тамақ ішіп жүргенін тексерген
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов «Астана» өңірлік қолбасшылығының Қарағанды гарнизонындағы 31775 әскери бөліміне келіп, сарбаздармен бірге тамақ ішкен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, қорғаныс министрі асханаға ескертусіз жетіп барған көрінеді.
Министр осы өңірге жасаған жұмыс сапары кезінде казармалардың жан-күйін, сарбаздардың немен тамақтанып жүргенін тексерген. Министрлік таратқан суреттерге қарасақ, сарбаздар түскі асқа борщ, макарон, салат, нан жеп, компот ішкен. Қасында екі алма бар.
«Әскери қызметшілермен әңгімелескен министр олардың тұрмыстық жағдайларын, туыстарымен байланысу мүмкіндігін және бөлімшелердегі моральдық ахуалды тексерген. Сарбаздардың асханасындағы түскі ас кезінде Дәурен Қосанов тамақтың сапасын жеке тексерген», - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.
Қорғаныс министрінің айтуынша, мұндай күтпеген тексерулер әскери қызмет стандарттарын арттыру және тұрақты мониторинг мақсатында жалғасады деп сендірді министрлік.