Полиция оларды заң аясында жауапқа тартуды көздеп отыр
Астанада бірнеше жасөспірімнің қоғамдық көлікке жармасып, көшеде қауіпті әрекет жасағаны бейнежазбаға түсіп қалды. Полиция олардың кім екенін анықтап, заң аясында жауапқа тартуды көздеп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода бірнеше жасөспірімнің қозғалыстағы №58 автобусқаарт жағынан жармасып алғаны анық байқалады. Олар бірнеше аялдама бойы автобусқа ілесіп, өз өмірлерін де, басқа жол қозғалысына қатысушыларды да қауіпке душар еткен.
«Сарыарқа ауданының полиция басқармасы бұл факті бойынша тиісті шаралар жүргізіп жатыр. Жасөспірімдердің жеке тұлғалары анықталып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады»,– деді Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.