Алдын ала мәліметтер бойынша зардап шеккендер жоқ
Ақтауда 11-ықшамаудандағы үйлердің біріне жапсарлас орналасқан картиналар галереясы өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rhyhy lada.kz-ке сілтеме жасап.
Үйден 50 адам эвакуацияланды.
Куәгерлердің айтуынша, жалын бірнеше минут ішінде шатырдан үйдің жоғарғы қабатына тарап, содан соң, бүкіл галереяны отқа ораған.
Алдын ала мәліметтер бойынша зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеді. Басқа мәліметтер кейінірек жарияланады.