Оған 3 бап бойынша айып тағылды
Ош облысының Өзген аудандық соты 38 жастағы Айзирек Ералиеваны түлектер кешіне барғаны үшін атып өлтірген күйеуін 18 жылға соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24 kg-ға сілтеме жасай отырып.
2025 жылғы 31 шілдеде шыққан сот үкіміне сәйкес, А.Б.К. есімді азамат келесі баптар бойынша кінәлі деп танылған:
Сот күдіктіге 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, 100 мың сом көлемінде айыппұл салды.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 26 мамырда болған. Қара-Кұлжа ауданында тұратын Айзирек Ералиева күйеуімен бірге мектептегі 20 жылдық түлектер кездесуіне қатысқан. Оны жұбайы кештен соң ұрып-соғып, атып өлтірген.
Олардың 5 баласы бар. Айзирек Ералиеваның үлкен ұлы - 17 жаста, Бішкектегі колледжде оқиды, екінші ұлы - 9-сыныпты аяқтаған, үшінші баласы - 11 жаста. Екі қызының бірі - 7, екіншісі - 4 жаста.