Облыста «Қарасора-2025» науқаны өткен
Жетісу облысының полиция департаменті аймақтағы «Қазпоштаның» бөлімшелері мен сәлемдемелерін тексеріп, есірткі бар-жоғын анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Полицияның ақпаратына сүйенсек, қазір республика бойынша «Қарасора-2025» науқаны өтіп жатыр. Соның аясында есірткі құралдарының таралу арналары мен тасымал жолдарын анықтау көзделген.
«Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен кинологиялық қызмет орталығының мамандары бірлесіп, «Қазпошта» бөлімшелерінде тексеру жүргізді», - деп хабарлайды полиция.
Полиция «Қазпоштаның» қызметкрелері мен бөлімшелерге келіп-кеткен адамдарға есірткі тасымалының жазасы ауыр екенін ескерткен.