Ол мас жүргізуші жол-көлік апатына себеп болды
27 шілде күні түнде Павлодар қаласында BMW көлігі бағанаға соғылып, жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, көлік иесі алкогольдік масаң күйде рөлге отырып, көлік басқару мүмкіндігін жоғалтып, жарық бағанасына соғылған. Жол апаты тұрғын үйлер орналасқан аудандардың бірінде болған.
«Павлодар полициясы азаматтарға көлікті мас күйде басқарудың жол берілмейтінін тағы бір мәрте ескертеді. Мұндай әрекет жүргізушінің өзіне ғана емес, айналадағы адамдарға да қауіп төндіреді», – делінген ведомство хабарламасында.