Облыстық әкімдіктің барлық қызметкерлері инфекцияға тест тапсырды
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті. Асхат Ораловтың дене қызуы көтеріліп, COVID- 19-ға тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Байланыста болған адамдар анықталды, қазір эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық әкімдіктің барлық қызметкерлері инфекцияға тест тапсырған. Нәтижелері дайын болған соң жарияланбақ.
Ал облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов кестеге сәйкес бейнеконференция арқылы жұмысын жалғастыруда. Барлық жеке қабылдаулар мен кездесулер тоқтатылды.
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО