Өрт екінші қабаттағы бөлмеден шыққан
Петропавл қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев көшесінде орналасқан жатақханалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт екінші қабаттағы бөлмеден басталған. Құтқарушылар шұғыл жетіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге кіріскен.
Құтқару операциясы кезінде:
«Өрт сатысы арқылы 42 адамды, соның ішінде 8 баланы эвакуацияладық. От шағын аумақты шарпыды, оны дер кезінде оқшаулап, көрші бөлмелерге өтуіне жол бермедік», – делінген министрлік хабарламасында.
ҚР ТЖМ өкілдері азаматтарға тұрмыстық техниканы қауіпсіз пайдалану жөнінде ескерту жасады: