Халықтан 3,9 млрд теңге жинап алған қаржы пирамидасының жолы кесілді

Автор: Azattyq Rýhy

Компания заңсыз әрекетін еліміздің барлық облысында жүзеге асырған

Павлодар облысының Экономикалық тергеу департаменті елімізде былтыр қазан айынан бері жұмыс істеп келе жатқан қаржы пирамидасының жолын кесті. Осы уақыт аралығында компания халықтан 3,9 млрд теңге жинап үлгерген.

Қаржы пирамидасының 22 филиалы республиканың 14 облысы мен 17 қаласында орналасқан.

«Қымбат бағалы қандай да бір мүлікті сатып алу үшін азаматтарға 180 мың теңге көлемінде кіру жарнасын төлеу, содан кейін ай сайын 50 мың теңгеден 10 ай бойына төлем жасау ұсынылған. Салынған 180 мың теңгенің 100 мың теңгесі тұтыну кооперативі шотында қалып, 80 мың теңге арнайы құрылған ЖШС шотына аударылып отырған. Осылайша ЖШС қызметінде міндетті кіру жарнасы, әрбір жаңадан тартылған қатысушы үшін бонустардың төленуі, БАҚ-та жаппай жарнама жасау, интернет кеңістікте бір алушыға көптеген жіберушілерден жасалған ақша аударымы сияқты қаржы пирамидасының барлық белгілері көрініс тапқан», - делінген департамент таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда пирамиданы құрғандардың үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер қылмыстары дәлелденсе 5 жылдан 10 жылға дейін ба  бостандығынан айрылуы мүмкін.