Пирамиданы құрған азаматтар жүзден астам адамды алдаған
Қаржы пирамидасының Шымкент қаласындағы департаменті «Mooni Gold» қаржы пирамидасының заңсыз әрекетін әшкерелеп, оны құрған адамдарды екі айға қаматты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әдеттегідей, қаржы пирамидасын құрғандар өздерін алтын сататын компания ретінде таныстырған. Алтын алып, ақша құйғандарға сол ақшасының 20-30 пайызын 5 ай бойы табыс ретінде беруге уәде берген. Алайда, ешбір инвестициялық табысы жоқ пирамида жаңадан келген адамдарға алдыңғы адамдардың ақшасын беріп отырған.
«Соның салдарынан мыңнан астам адам осы пирамидаға ақшасын берген. Залал көлемі 500 млн теңгеден асты. Солардың бірі – Шымкенттегі зейнеткер әже пәтерін кепілге қойып, 67 млн теңгеге несие алып, пирамидаға салып жіберген», - деп хабарлайды ҚМА.
Олардың үйіне автоматпен келген арнайы жасақ үйді тінту кезінде 15 млн теңге қолма-қол ақша және құны 28 млн теңгеден асатын 67 түрлі алтын бұйым тәркіленді.
«Маңыздысы, салымшылардың көпшілігі өз үйлері мен көліктерін кепілге қойып, несие рәсімдей отырып, пирамидаға ақша салған. Күдіктілер екі айға қамалды», - деп хабарлайды ҚМА.