Қостанайда дәрігерді ұрған күдікті екі айға қамауға алынды

Автор: Дәулет Ботагөз

Оқиға 17 шілде күні ауруханада болған

Фото: Azattyq Rýhy

Қостанайда облыстық аурухананың дәрігерін соққыға жыққан 34 жастағы ер адам екі айға қамауға алынды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Пациент кезек күтуге шыдамаған

Жанжал Қостанай облыстық ауруханасында 17 шілде күні болған. Ер адам отадан кейін науқастарға шыққан уролог-дәрігер Антон Кистановқа шабуылдаған. Куәгерлердің айтуынша, күдікті ұзақ күтуге шыдамай ашуланған.

Оқиға орнында ұсталған күдіктіге қатысты «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы (ҚР ҚК 106-бабы) бойынша іс қозғалды. Сот оны екі ай мерзімге тергеу изоляторына қамаутуралы шешім шығарды.

Тергеу жалғасып жатыр

Қостанай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Қажетті барлық тергеу әрекеттері атқарылуда», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Дәрігерлерге шабуыл

Бұл оқиға қоғамда резонанс туғызды. Желі қолданушылары дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет екенін айтып, пікір қалдыруда. Медициналық қызметкерлерге қол көтеру – тек қана заң алдында емес, қоғам алдында да жауапкершілікті талап ететін ауыр қылмыс екені атап өтілді.