Ол шомылып жүргенде аяғының бұлшықеті тартылып қалған
Семей қаласындағы қалалық жағажайда суға батып бара жатқан 15 жастағы жеткіншекті Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери қызметкерлері құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құтқарушылардың мәліметінше, оқыс оқиға шомылу маусымында көпшілік келетін жағажайда болған. Жасөспірімнің аяғы тартып, өзін жайсыз сезініп, көмекке шақыра бастаған. Дауысы әлсіреген балақайдың жан даусын жағажайда кезекшілік етіп жүрген әскери құтқарушылар естіп қалған.
«Жасөспірім жағадан 10–11 метр қашықтықта болған. Құтқарушылардың бірі дереу суға секіріп, оны жағаға алып шықты», – деп хабарлады ведомстводан.
Құтқарылған жеткіншекке алғашқы медициналық көмек ұсынылды. Алайда:
Жыл сайын жаз мезгілінде еліміздің су айдындарында қайғылы оқиғалар жиілейді. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан немесе дене дайындығы жеткіліксіз болғандықтан осындай жағдайларға тап болады.
Мамандар жүзу кезінде аяқтың тартылуы жиі кездесетін құбылыс екенін, мұндайда:
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы жаз маусымында елімізде балалардың суға кету фактілері артқан. Көп жағдайда ата-ананың қарауынсыз қалған балалар, ресми жабдықталмаған жағажайларда шомылғанда немесе қауіпсіздік ережесін елемегенде осындай оқиғалар болды.