Жәбірленушілер шағым жазбаған
Ақтауда Land Cruiser Prado жүргізушісі арбада отырған мүмкіндігі шектеулі адамдарды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 16 шілде күні сағат 18:00 шамасында 3Б шағынауданының 16-үйі тұсында болған.
Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 595-бабының 1-бөлігі («Маневр жасау ережесін бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бап бойынша 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Полицияның мәліметінше, зардап шеккендер шағымданудан бас тартқан.