Әйелді баспалдақтан итеріп жіберген: Амантай қажының үстінен қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Полиция оны іздеп жатыр

Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Амантай қажы Асылбековтің баспалдақтан әйелді итеріп жіберген видеосы желіде тарап кетті. Оқиғаны полиция департаменті де растап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.