Павлодар облысында бір жарым жасар бала септикке түсіп кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Дәрігерлер баланың комаға түскенін айтып, қаладан санавиация шақыртқан

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысы Аққулы ауданында бір жарым жасар бала септикке түсіп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Аудан тұрғынының үйіне қонаққа келген әйелдің баласы жоқ болып кеткен. Арада 15 минуттай уақыт өткен кезде анасы баланың септикке түсіп кеткенін көрген. Баланы «Қазпошта»  бөлімшесінде күзетші болып жұмыс істейтін азамат шығарып алды», - деп жазады басылым.

Автордың хабарлауынша, бала септиктен шығарылған кезде ес-түссіз жатқан. Алып шыққан  кезде баланың беті көгеріп кеткен. Дәрігерлер баланың комаға түскенін айтып, қаладан санавиация шақырған. Алайда біршама уақыт өткен соң сәби есін жиған. Бала облыстық балалар ауруханасында жатыр.