12.07.2025, 20:01
Оқиғалар
Қостанай облысында үш адам мінген автокөлік суға батып кетті
Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған
Фото: istockphoto.com
Қостанай облысында жол апаты салдарынан үш адам, оның ішінде кішкентай бала өзенге батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Alau.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарынсалды өзеніне түсіп кеткен
Оқиға 10 шілде күні Қостанай облысы Амангелді ауданындағы Қарынсалды ауылының маңында болған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша жолаушылар көлігі Қарынсалды өзеніне түсіп кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.
Үш адамның денесі табылды
Куәгерлердің айтуынша көлікте үш адам, оның ішінде бір бала болған.
Іздестіру-құтқару жасағы оқиға орнына тез арада кетті. Құтқару жұмыстары барысында қаза тапқан үш адамның да денесі табылып, шығарылды.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды