Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
БҚО полициясы 4 жасар өгей ұлын байлап, 3 сағатқа сарайға қамап қойған 29 жастағы ер адамға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 10 маусым күні Қазталов ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Ер адам баланың аяқ-қолын байлап, сарайға қамап қойған. Сағат 8-ден 11-ге дейін қамауда отырған баланы ауыл тұрғындары босатып алған. Баланың анасы оқиға туралы балабақша тәрбиешісіне айтып берген.
«Біздің қызметкерлердің айтуынша, баланы ер адамның туысы байлатып қойған. Қазір аудандық полиция мен білім бөлімі қызметкерлерінен тұратын арнайы комиссия құрылды. Олар оқиғаның мән-жайын анықтайды», - дейді Қазталов ауданы білім бөлімінің басшысы Самал Жангереева.
Сонымен қатар тұрғынның психикалық ауытқуы бар адамдардың диспансерлік есебінде тұрғаны белгілі болды. Ер адамның не себепті баланы байлап қойғаны әзірге белгісіз.