Қостанай облысында өгей әкесі 13 жасар қызды зорлаған

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол АИТВ жұқтырған

Фото: © istockphoto.com

Қостанай облысында ЖИТС жұқтырған адам 13 жастағы өгей қызын зорлаған. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Alau.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық соттың баспасөз қызметі істің жабық өткенін айтып, оқиға қыздың анасы үйде жоқта болғанын мәлімдеді. Сонымен қатар оның АИТВ жұқтырғаны анықталды.

«Зардап шеккен қызға вирус жұқпаған», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот қылмыс жасаған адамның өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын мәлімдеді.