Ол оқиға орнынан із жасырған
Алматы облысының Көкөзек ауылында мас жүргізуші кәмелетке толмаған баланы көлікпен басып кетіп, оқиға орнынан із жасырды. Куәгерлердің айтуынша, көлік тізгінінде учаскелік полиция инспекторы болған. Қазір күдіктіге іздеу жарияланып, полицияның жеке құрамы түгел жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Твой Алматы» хабарлауынша, 4 шілде күні сағат 20:45 шамасында Көкөзек ауылында болған бұл оқиға жұртты дүр сілкіндірді. Интернетте тараған бейнежазбада:
Куәгерлердің айтуынша, көлікті басқарған азамат мас күйде болған, әрі ауылдағы учаскелік полицей болуы мүмкін.
«Ол не болғанын тексеруге де шықпады. Бірден оқиға орнынан кетіп қалды», – дейді жергілікті тұрғындар.
Алматы облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, жедел іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта күдіктінің кім екенін анықтауға және оны ұстауға бағытталған шаралар жүргізіліп жатыр. Облыстық ПД-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде кең тарады. Онда:
Бұл кадрлар тергеу барысында заттай дәлел ретінде тіркелді.