Астананың сол жағалауында мейрамхана өртенді

Автор: Нұргүл Абай

ТЖ қызметкерлері өртті оқшаулаған

Фото: Azattyq Rýhy

Астананың сол жағалауындағы Мәңгілік ел даңғылында мейрамхана отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Есіл ауданындағы мейрамханадан шыққан өртті сөндіру үшін құтқарушылар жоғары дәреже бойынша жұмыс істеп жатыр. ТЖМ ақпаратынша, қазір өрт оқшауланған.

«Нақтыланған мәлімет бойынша Есіл ауданы Мәңгілік ел даңғылында орналасқан мейрамханада ас бөлмесіндегі қуырғышта май жанған. Қатты түтін, тұрақтағы автокөліктер мен жолдың тар болуы өрт сөндіру жұмысын қиындатты», - делінген хабарламада.

112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.